Бүгін журналист Айдос Садықовтың жаназасы оқылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы қоғам белсендісі Бурахан Дағанов мәлімдеді. Ол өз әлеуметтік желідегі жазбасында Киевте қазақ батырының жаназасы оқылып жатқанын күрсіне хабардар етті.
"Бүгін Украйна, Киев қаласында Айдос Садықовтың жаназасы оқылыпты. Мүрдесі Киевте жерленетін болыпты. Қысқасы, Қазақ жерінде туылып қазақ топырағы бұйырмай кеткен мықтылар — Қасен Оралтай, Мұстафа Өзтүрік, Мұстапа Шоқай, Мәжит Айтпай, Дәлелхан Сүгірбайлардың тізіміне Айдос Садықтыңда аты қосылды. Қараңыздаршы, табытының бетінде Қазақстанның көк байрағымен қоса Украйнаның да туы тұр. Жалпы ту деген зат кез келген адамның мүрдесіне қойылмайды. Соған қарағанда ағамыз Украйн жұртына да сыйлы болса керек.
Күрескер ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған отбасына қайғырып көңіл айтамын",-деді ол жазбасында.