Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған ата-анасы үш баласын 4 жыл бойы далаға шығармай, дәретханаға жібермей, қамап ұстаған

09:49, 05 мамыр 2025 1842

Испанияның Овьедо қаласында полиция 53 жастағы неміс философы мен оның әйелін тұтқындады. Олар төрт жыл бойы балаларын үйден шығармаған. Бұл туралы La Nueva España басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ерлі-зайыптылар үш баласымен – 10 жастағы ұлымен және сегіз жастағы егіз қыздарымен өз үйінде тұрған. Терезелері үнемі жабық болған, ал сыртқы әлеммен байланыс мүлде болмаған. Тіпті азық-түлік те курьер арқылы, ең төменгі байланыспен алынған.

Балалардың дауысын естіп, бірақ оларды көшеде ешқашан көрмеген көршісі алаңдап, полицияға хабар берген. Содан кейін тәртіп сақшылары бақылау орнатып, кейбір отбасы мүшелерінің ешқашан үйден шықпайтынын анықтаған. Тексеру кезінде балалардың күтімсіз күйде екені белгілі болды. Үшеуі де жөргек пен медициналық бетперде киген, ал сыртқа шыққанда шөпке таңғалып қарауы секілді әрекеттері олардың сенсорлық оқшаулануын көрсетті.

Тергеу деректеріне қарағанда, ата-анасы балаларға қатаң кесте құрып, дәретханаға бару уақытын да белгілеген. Балалар мектепке бармаған. Сондай-ақ, оларға медициналық каннабис қосылған дәрілер берілгені анықталды. Ересектер мұның бәрін коронавирустан және басқа да вирустардан қорғану мақсатында жасағандарын түсіндірген. Балалар қамқорлыққа алынған. Қазір олармен дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Ал ата-аналары қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар