Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туды әбден мазақ етті: Әйгілі америкалық әнші қазақтың ұлттық рәмізін “қорлады” (ВИДЕО)

09:52, 10 қыркүйек 2024 611

Әйгілі америкалық әнші Оливер Три сынның астында қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Әнші қазақтың туына құрметсіздік танытқан. Сахнаға самокатпен шығып, ел туын әрі-бері тасып, халықтың ашуына тиген.

“Әнұранның әнін өзгерту сотталатын жағдай”, “Жиналғандар әнұран айтылып жатқанын, ананың оны қорлап жатқанын білмей ме?”, “Туды мазақ етіп мықты боп көрінгісі келіп тұр ма?”, “Жауапқа тартсын”, ”Мынау таза мазақ қой”, “Әнұран мен туға тимеңдерші”, – деп жазды желі қолданушылары.

Болған жағадйға қатысты мәжіліс депутаты Абзал Құспан пікір білдірді. Оның айтуынша, шетелдік әртістің іс-әрекеті жан-жақты тексеріледі.

“Өйткені біздің мемлекетте рәміздерге қатысты тиісті заң бар және оны сақтамағандарға жауапкершілік көзделген. Сондықтан болған жайтты құзырлы органдар назарға алу қажет. Әуелі музыканттың мемлекеттік ту мен әнұранды қолдану кезінде қорлау белгісінің бар-жоғын анықтап алған жөн. Жалпы осы мемлекеттік рәміздерді қолдану барысын реттейтін өз алдына бөлек материалдық заң негізі жоқ. Бұл депутаттарға қойылатын талап деп ойлаймын, бірінші кезекте. Енді Үкімет бізге ондай заң жобасын ұсынған жоқ. Тиісінше бұл мәселе қазір мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр”, – деді Абзал Құспан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар