Махачқалада әйел мен оның сәбиіне мұз кесегі құлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға сәтін бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Кадрларда әйелдің қолында сәбиімен тротуарда келе жатқаны көрінеді.
Кенеттен биіктіктен оның үстіне мұз кесегі құлап, салдарынан әйел мен бала жерге құлаған.
Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Келген дәрігерлер әйелдің ашық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады.
Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Баланың жағдайы туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.