Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамптың ұлы Қазақстандағы вольфрам кен орнының 70 пайыз үлесін сатып алды

17:37, 11 маусым 2026
 

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы «Солтүстік Қатпар» ЖШС-дегі 70 пайыз үлесін 114,8 миллион АҚШ долларына сатты, деп жазады Alash.KZ

Мәміле 2026 жылғы 13 ақпанда рәсімделген. Сатып алушы ретінде АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары – Дональд Трамп кіші мен Эрик Трампқа қатысы бар америкалық компания шыққан.

Жоба Cove Capital компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр және Қарағанды облысындағы екі ірі вольфрам кен орнын – Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақтыны игеруді көздейді.

Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 1,1 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Ортақ кәсіпорын құру туралы алғаш рет 2025 жылдың қарашасында Вашингтонда өткен C5+1 саммитінде мәлім болған.

Ал 2026 жылдың сәуірінде Трамптың ұлдары Skyline Builders компаниясы арқылы жобаға ресми түрде қосылған. Қазір жоба Kaz Resources Inc. брендімен жүзеге асырылып жатыр.

«Тау-Кен Самұрықтың» қаржылық есебі жарияланған кезде мәміле толық аяқталмағаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар