Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Путиннен көңілі қалғанын айтып, соғысты тоқтатуға дәрменсіз екенін мойындады

09:00, 08 қазан 2025 344

АҚШ президенті Дональд Трамп Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуде Украинадағы жағдайды реттеу өз ойындағыдан әлдеқайда қиын болғанын мойындады, деп Alash.kz ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық көшбасшының айтуынша, бастапқыда ол Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу "оңай шаруа" деп ойлаған, алайда шын мәнінде бұл үдеріс өзі күткеннен әлдеқайда күрделі болып шыққан.

"Мен мұны жеңіл реттеуге болады деп ойладым... бірақ көріп отырмын – бұл, бәлкім, Таяу Шығыстағы жағдайдан да күрделірек екен", – деді Трамп.

Ол сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста болғанын, бірақ қазір оған көңілі қалғанын атап өтті.

Басылым мәліметінше, Трамп бұған дейін бірнеше рет "жеті соғысты тоқтаттым" деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол бейбітшілік жолындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығына Украина, Израиль, Пәкістан, Камбоджа, Габон, Руанда, Армения және Әзербайжан елдерінің тарапынан ұсынылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар