АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапештте өтуі тиіс кездесу болмайтынын растады, деп жазады Alash.KZ.
«Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Маған бұл қазір дұрыс емес сияқты көрінді. Біз бұл кездесуден күткен нәтижеге қол жеткізе алмаймыз деп ойладым. Сондықтан да оны болдырмадым. Алайда болашақта міндетті түрде кездесу өткіземіз», – деді Трамп.
Сөзінше, Ресеймен соғысты тоқтатуға қатысты келіссөздер баяу жүріп жатыр.
Айта кететіні, 16 қазанда АҚШ пен Ресей басшылары телефон арқылы сөйлесті. Трамп қос тараптың делегациялары келіссөз жүргізетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, екі ел президенттері Мажарстан астанасында жеке кездеседі деп жоспарланды.