Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп кет!: АҚШ-тың 50 штатында сұмдық наразылық өтіп жатыр

15:00, 06 сәуір 2025 482

АҚШ-тың қалаларында мыңдаған адам президент Дональд Трамптың саясатына және әлемнің 180-нен астам еліне қарсы енгізілген жаңа кедендік баж салығына наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

БАҚ мәліметінше, наразылық АҚШ-тың барлық 50 штатында өтті. Оларға кәсіподақ мүшелері, ЛГБТ құқықтарын қорғаушы топтар, экологиялық қозғалыс өкілдері және басқа да белсенділер қатысты.

Наразылық шараларының қарсаңында бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама мен экс-вице-президент Камала Харрис Трампқа қарсы пікір білдірген.

Жергілікті БАҚ бұл оқиғаны Трамптың инаугурациясынан кейінгі ең ауқымды наразылық деп бағалап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар