Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тосынсый жасағым келді" - Әнші Заттыбек Көпбосынұлы ағасына жақсылық жасап, жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)

17:44, 01 қаңтар 2026

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы ағайынға деген құрметін тағы бір мәрте дәлелдеп, бауырына қымбат автокөлік сыйлады, деп жазады Alash.KZ.

Өнер иесі тосынсый сәтінде бауырмалдық пен адамгершілік жайлы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, жақын жандарға қуаныш сыйлау – әр азаматтың парызы.

«Барымызды бауырларымызбен бөлісейік, ағайын. Ешкім ешкімге қарыздар емес, бірақ бауырды қуантуды ұмытпау керек. Қолымнан келгенше жақсылық жасап жүрмін. Бүгін де бір тосынсый жасағым келді», – деген әнші көпшіліктің көзінше көліктің кілтін шығарып, ағасына табыстады.

Бұл әсерлі сәт әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді. turkystan.kz жазғандай, желі қолданушылары Заттыбек Көпбосынұлының жомарттығы мен бауырға деген сыйластығына тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырды.

«Бауыр деген – бауыр етің ғой. Нағыз азамат екенсіз», «Өте әсерлі, жүрекке жылу беретін көрініс», «Үлгі боларлық іс. Манарбек ағаның жаңа көлігі құтты болсын!», «Осындай сәттерді көргенде көзге жас келеді» – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлы ағайын-туысқа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсету секілді құндылықтарды жиі насихаттап жүретін өнер иелерінің бірі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар