Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төртінші қазақстандық ғарышкер әйел адам болуы мүмкін

18:26, 17 қазан 2024 113

Төртінші қазақстандық ғарышкер әйел адам болуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы тілшімізге цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

«Біз тағы бір ғарышкер шықса екен дейміз, ал оның әйел ғарышкер болғанын қалаймыз», - деді ол. 

Айтуынша, Қазақстан бұл мәселе бойынша «ірі компаниялармен және елдермен» келіссөздер жүргізуде. Бұл арзанға түспейді деп атап өтті министр.

«Бүгінгі таңда, әр түрлі бағалаулар бойынша, бір ғарышкерді ұшыруға шамамен 40-60 миллион доллар қажет», - деді Мәдиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?