Қарағанды облысының Көкпекті ауылында өзенге шомылуға барған 15 жастағы қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бір топ жасөспірім ересектердің қарауынсыз Көкпекті өзеніне шомылуға барған кезде, қыздардың бірі кенеттен су астына өтіп, көрінбей қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мектеп оқушысының денесін жағадан 20 метрдей қашықтықтағы төрт метр тереңдіктен алып шықты.