Белгілі әнші Айдана Меденова журналист Аман Тасығанға берге сұхбатында жеке өміріне қатысты ел естімеген ақпаратты айтты, деп жазады Alash.kz.
Әнші жұбайының бұрынғы некесінің ажырауына өзінің қатысы жоқ екенін нақты айтты:
Мен Алишермен танысқанда ол өзімен-өзі жүрген жігіт болды. Басы бос. Төрт жыл бұрын үйленген екен. Бірақ, айырылысыпты. Сол кезде екі баласы барын білдім. Сол кезде де сұрақтар болды менде… «Қалай ол? Керек пе? Керек емес пе?» Сол кезде әкеме хабарласып айттым. «Осындай жігіт бар. Ой-ниеті өте салмақты. Өзіме де ұнайды. Жақсы кісі. Бірақ, екі баласы бар» деген болатынмын. Сол кезде әкем айтты: «Ой, жақсы ғой. Ұнатып тұрсаң, неге болмасқа? Неге тұрмысқа шықпасқа?!» деп. Маған Алла солай берді. Менің ата-енем де, күйеуімнің бірінші жары да өте парасатты, саналы, ешқандай интрига жасамайтын жандар. Бәріне шүкір деймін. Алишердің бірінші жұбайымен араласып тұрамыз.