Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Төрт жыл бойы дәретхана жуып жұмыс істедім». Журналист Жанар Байсеміз ел естімеген шындығын айтты

19:40, 06 наурыз 2026

Белгілі журналист Жанар Байсеміз өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық айтып берді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlash.kz.

Журналистің айтуынша, 1997 жылы жоғары оқу орнына сырттай бөлімге оқуға түскен. Кейін іштей бөлімге ауысуға мүмкіндік болғанымен, отбасылық жағдайға байланысты жұмыс істеуді таңдаған.

«1997 жылы сырттай оқуға түстім. Іштей бөлімге ауысуға мүмкіндік болды. Бірақ сол кезде жұмысқа тұрдым. Жұқпалы аурулар балалар емханасына орналастым. Анам іштей бөлімге ауысуды сұрады. Бірақ мен үйдің үлкені едім, артымнан ерген үш бауырымды жеткізуім керек болды», – деді ол.

Жанар Байсеміз сол жылдары төрт жыл бойы ауруханада тазалықшы болып жұмыс істегенін жасырмады.

«Төрт жыл бойы еден жудым, дәретхана жудым. Ол кезде айына 4 мың теңге айлық алатынмын», – деп еске алды журналист.

Кейін оның өмірінде жаңа кезең басталған. Сол уақытта жаңадан ашылған «Оңтүстік астана» телеарнасы оны жұмысқа шақырып, журналистикадағы жолын бастауына мүмкіндік берген.

«Ауруханадағы тұрақты жұмысымды тастап, тәуекел етіп, жаңа арнаға бардым», – деді ол.

Сұхбат барысында журналист жеке өмірі туралы да айтты. Оның сөзінше, шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу алдын ала жоспарланбаған. Жолдасының түбі италиялық болғанымен, әулетінде молдаван, поляк және украин ұлттарының өкілдері бар. Күйеуі Одесса қаласында өскендіктен, үйде көбіне орыс тілінде сөйлеседі. Дегенмен ол қазақ тілін үйренуге уәде берген.

Журналистің айтуынша, ата-анасы қызының таңдаған жарына қарсы болмаған. Әкесі «ұлты маңызды емес, ең бастысы – жақсы адам болуы» керектігін айтып, батасын берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар