Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Төрт-ақ күн ауырды”. Бағым Мақсатқызы марқұм күйеуін еске алып, жылап қалды

20:45, 10 шілде 2025 646

Танымал музыкалық продюсер, композитор Бағым Мұхитденова өмірден өткен күйеуі жайлы еске алып, ауыр кезеңін көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі бұл туралы бір бағдарламада көз жасын тыя алмай айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ Todayinfo ақпарат порталына сілтеме беріп.

Бағым Мұхитденованың айтуынша, марқұм күйеуі ұзақ уақыт бойы ауру белгілерін елемей, дәрігерге қаралудан бас тартқан.

«Оның өкпесі қабынған. Мен үнемі тексерілуге барайық деп айтатынмын. Күйеуім болса, "Жаңа жылдан кейін барамын" деп дес бермеді. Ал қаңтардың екісі күні оны жедел жәрдем алып кетті. Келесі күні маған жағдайының ауыр екенін айтты. Оны ИВЛ-ге қосатындарын естідім», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, күйеуі 33 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан. Осы аралықта отбасы мүшелері барын салып күрескен.

«Жездем Тұрсын Алагөзовке ерекше алғыс айтқым келеді. Біз өкпесін ауыстыруға дейін бармақ болдық. Бірақ ол әрі қарай көтере алмады. Бізде медицина өте қымбат, ал мен көп ақша таппаймын. Ауруханадағы әр күні өте қымбатқа түсті. Бірақ біз қолымыздан келгенін істедік. Ақыры жеңілдік. Ол төрт-ақ күн ауырып, түсінбей де қалдық», – деп көзіне жас алды Бағым Мұхитденова.

Бағым Мұхитденова жеке қайғысымен бөлісе отырып, көрермендерге денсаулықты бағалауға, уақытылы дәрігерге қаралуға кеңес берді.

«Адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамасын. Қарапайым тексеруге де бармай, соңында кеш болып жатады. Өкінбейтін өмір сүрейік», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар