Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында топ жарды

23:30, 14 қыркүйек 2025 161

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен шаршы алаңға шықты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті.

Айта кету керек, Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық боксшы. Сондай-ақ ол 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, турнирдің ең техникалық боксшысы атанған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар