Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

11:38, 10 сәуір 2026

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан ерлер арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Alash.kz 

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (-70 кг) ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Шешуші айқаста ол Иордания өкілі Зеяд Ишаишке есе жіберді.

Айта кетейік, 20 жастағы спортшы жарыс барысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ширек финалда Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидовты, жартылай финалда Қытай өкілі Ван Пейченды жеңген болатын.

Ал қарсыласы Зеяд Ишаиш — тәжірибелі боксшы. Ол бұған дейін Азия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Бұған дейін -60 кг салмақта өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Сонымен қатар ұлттық құрама сапында Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) және Сағындық Тоғамбай (-90 кг) қола жүлдеге ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар