Әнші Төреғали Төреәлі Ақсуат өңіріне концерт берді. Алайда ол халықтың 10 сағат бойы өзін күткенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өз инстаграм желісінде болған жайтты баяндады.
“Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтармен бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын «, – деп жазды әнші.
Төреғали халықты ұзақ күттіргенін жасырмады.
“Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады өнер иесі.