Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тоқтатуға келісім беремін…»: Трмап Иранға қарсы соғыс қимылдары туралы әлем күтпеген мәлімдеме жасады

19:07, 08 сәуір 2026

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс уақытша бәсеңсіп, тараптар соғыс қимылдарын екі аптаға тоқтату туралы уағдаласты, деп жазады Alash.kz. 

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран аумағына бағытталған әуе шабуылдарын кідірту туралы шешім қабылдаса, Тегеран әлемдік энергия тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын қайта ашуға міндеттелді.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иран тарапынан келіссөздер жүргізуге бағытталған 10 тармақтан тұратын арнайы ұсыныс алғанын мәлімдеді. Бұл хабарлама АҚШ-тың Тегеранға қарсы қатаң сес көрсетуінен кейін жарияланып отыр. Президенттің айтуынша, бұл ұсыныс тараптар арасындағы диалогты қайта жандандыру үшін негіз бола алады. Алайда, екі апталық үзілістің басты шарты ретінде халықаралық мұнай тасымалының 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазының қауіпсіздігі мен ашықтығы бекітілді.

Дональд Трамп әлеуметтік желідегі ресми мәлімдемесінде келісімнің мән-жайын нақтылап, былай деп жазды:

«Жүргізілген келіссөздер барысында олар бүгін түнде Иранға бағытталған жойқын күш қолдануды тоқтата тұруды сұрады. Осыған байланысты, егер Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз түрде ашуға келіссе, мен Иранға қарсы бомбалау мен шабуылдарды екі апта мерзімге тоқтатуға келісім беремін».

Қазіргі уақытта Иран ұсынған құжаттың толық мазмұны құпия сақталуда. Сонымен қатар, бұл келісімге АҚШ-тың аймақтағы басты одақтасы Израильдің қаншалықты қатысы бар екені әзірге белгісіз қалып отыр. Сарапшылар бұл қысқа мерзімді бітімнің тұрақты бейбітшілікке ұласуы немесе қақтығыстың жаңа толқынына дайындық екеніне қатысты түрлі болжамдар жасауда. Жағдайдың әрі қарай қалай өрбитіні алдағы екі апта ішіндегі дипломатиялық қадамдарға байланысты болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар