Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тоқтатайын деп шешім қабылдадым". Басшылық қызметтен кеткен Дәулет Тұрлыханов шұғыл мәлімдеме жасады

09:46, 06 желтоқсан 2025

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының Президенті қызметіне басшылық етуді тоқтатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақстан күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов өз өкілеттігін тоқтатқанын Instagram парақшасында жариялады.

«Құрметті достар, әріптестер! Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Алғысым шексіз», – деп жазды ол.

Тұрлыханов федерацияны басқарған жылдардағы негізгі жетістіктерді атап өтті. Бұл нәтиже бүкіл команда еңбегінің жемісі екенін айтты.

Қазақстан күрес федерациясының жаңа басшысы болып Еркін Оқасов сайланды. Бұл ақпаратты федерацияның баспасөз қызметі растады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар