Қазақ шоу бизнесіндегі шоқтығы биік "Орда" тобының әншілері кәсіпкер Тоқтар Төлешовпен бірге жұмыс істеген мезгілді еске алды, деп жазады Alash.KZ.
— Біз Тоқтармен бір кездері жұмыс істеген едік. Мәскеуден келген соң, Тоқтар ағада қиындықтар басталды. Сол кезден кейін біз жұмысымызды тоқтатып, өнерге де, қаржыландыруға да кедергілер туындады. Ары қарай алға жылжу мүмкін болмады, — дейді Дастан Оразбеков.
"Ордалықтардың" ән альбомы дайын болғанымен, алайда Тоқтар Төлешовтің тарапынан «тоқтаңдар» деген нұсқау келген.
— Ерболат Беделхан, әрине, бір орында отырмайтын адам. Сол кезде біз тығырықтан шығудың жолдарын іздей бастадық. Жаңа идея пайда болды: Зарина Алтынбаеваның анасы, Рая әпкемен таныстық. Бұл кезде "Мадудың" (Мадина Алтынбаева) жобасы жаңадан басталған еді. Рая тәте Мадинамен бірге Лос-Анджелесте клип түсіруді ұсынды. Біз Тоқтар ағадан ақша алмай, өз жолымызбен жүріп, сол жерге барып, клип түсірдік деп ойладық. Барлығы дұрыс болды деп есептедік. Бірақ шын мәнінде, олай болмады. Тоқтар ағаға бұл қатты әсер етті. Біз оның рұқсатын алмай, бәрін өз бетінше жасағандай болып көріндік. Осыдан кейін бәрі өзгеріп, бізді жұмыстан шығарды, — дейді әнші.
Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов соңғы бірнеше жылдан бері түрмеде отыр. Оның жеке өмірі мен туыстары туралы ақпарат көпшілікке құпия. Тек 13 баланың әкесі екені ғана белгілі. Төлешов күзет агенттігі мен «Шымкент Пикчерз» кинокомпаниясының қожайыны. 2000-жылдары ол режиссер Ермек Тұрсыновпен бірге «Сұлтан Бейбарыс» фильмін түсірген. 2007 жылы Лондонда тіркелген «Jay Resourses» компаниясы Өзбекстандағы «Узпромстройбанкінің» акцияларын 17 миллион долларға сатып алған. Алайда кейін ол 4 миллион доллар көлемінде берешекке батқан. Компания қожайынының оны алдап кеткенін айта отырып, Төлешов Лондон сотына жүгінген, бірақ нәтиже шықпаған. Кейбір ақпарат көздері кәсіпкердің отандық ірі банктерге 300 миллион доллар қарызы бар екенін хабарлаған.