Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар. Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды. Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси, делінген хабарламада.
Нақтыланғандай, иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады.
«Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады»,- деді Ақорда.