Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысында жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Пленарлық отырыс 6 ақпан күні, яғни бүгін сағат 15:00-де болады.
Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысатынын Ақорда хабарлады.
Еске сала кетейік, кеше президенттің қаулысы шығып, үкімет тарап, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелген еді.