Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев үндеуінде су тасқынын сөз етіп, "80 жылдағы ең ауқымды табиғи апат" деп хабарлады

13:15, 06 сәуір 2024 535

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қазақстан Президенті өз сөзінде тасқынның зардаптарын жою жұмыстарына тоқталды. Бейғамдық пен дер уақытында қажетті шараларды қолға алмаудың салдары екенін айтты:

Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында, - деді ел басшысы. 

Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленетіндігін хабарлады: 

Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.

Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс, - деді президент. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар