Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев: "Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі ұсынған жоспарын қолдаймын!"

16:49, 21 қараша 2025 90

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі ұсыныстарын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash kz ұлттық порталы.

Қазақстан халықаралық қауымдастық тарапынан бейбітшілікке бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын көрсетіп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл пікірін қазіргі геосаяси жағдайға байланысты білдіріп, аймақтағы тұрақтылық пен бейбіт келісімнің маңыздылығын атап өтті.

– "Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі әрекеттерін, сондай-ақ оның ұсынған жоспарын қолдаймын. Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісімге ұмтылған жалпы талпынысын толық қолдайды", – деді Мемлекет басшысы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар