Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен құттықтап, оның ерекше рухани маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл мерекенің адам бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптейтінін айтты. Құттықтау мәтінінде Ораза айттың рухани тазару, сабырлық, қанағат, өзара құрмет пен жанашырлық сияқты құндылықтарды нығайтатыны айтылған. Сондай-ақ, ораза ұстаған жандардың иманы күшейіп, төзімі артып, айналасына қамқорлық танытатыны ерекше атап өтілді.
«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады», - деп жазылған құттықтауда.
Айт қабыл болсын!