Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ cайты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.