Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев отандастарымыздың зейнетақы жинақтарын басқаруды шетелдік компанияларға беруді ұсынды

11:28, 06 қыркүйек 2024 464

Тоқаев отандастарымыздың зейнетақы жинақтарын басқаруды шетелдік компанияларға беруді ұсынды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі - өтімділік екенін атап өтті.

«Оны, ең алдымен, институционалдық инвесторлар қамтамасыз етеді. Қазір азаматтардың зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға беру бойынша жұмыс басталды. Осы орайда зейнетақы активтері мен АХҚО-дағы қаржы институттарына шетелдік инвестициялық басқарушы компаниялардың қол жеткізуіне мүмкіндік беру жайын ойластыру қажет», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар президент ұлттық банкке үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды қаржы орталығында локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

Президент шетел нарығында бір мезгілде орналастырылған жағдайда жергілікті қор нарығындағы бағалы қағаздардың үлесі мен көлемінің шегін біртіндеп ұлғайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда жеке қазақстандық компанияларды ашық алаңға шығарудың маңызына да назар аударды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарсы тұрудың тиімді қаржылай тетігін құру қажет екеніне тоқталды. Түрлі мемлекеттік сақтандыру қорлары табиғи апаттардың салдарымен күресуге қолдау көрсетуі қажет. Президент үкіметке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Орталықта осы мақсаттағы қор құру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар