Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты

14:02, 23 шілде 2024 626

ҚР Президенті қарарымен ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Президенті әкімшілігі 27 маусымдағы Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтінішін Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қарағанын еске салды.

"Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу нәтижелері бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізіп, ол келісті", – делінген президент әкімшілігінің жауабында.

Өтініш авторына қабылданған шешім туралы хабарланғаны атап өтілді.

Мәсімовке рақымшылық берілмейтіні туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарлады.

 

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты»,- деді депутат.

Еске сала кетейік, мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрап, рақымшылық беруін, бостандыққа шығаруды өтінген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар