Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды

Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды

Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін әкім мен министрдің баяндамасын тыңдады. Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Чингис Арыновтың өңірдегі жағдай туралы баяндамасын тыңдады.

Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және жөндеуге көмек көрсету тапсырылды.

Ақорда мәліметінше, өңірдегі жағдай Үкіметтің бақылауында.

Еске сала кетейік, 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Күндіз тағы бір рет жер асты дүмпулері сезілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар