Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актриса, мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Ақорда жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», - деп жазды Ақорда.