Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Мемлекет басшысы маңызды заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Творчестволық тұлғаларды тонауға жол жоқ!
Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған заңға біз ұсынған маңызды нормалар кірді, қабылданды.
Шығармашылық тұлғалар өз шығармаларына қомақты қаламақы алу үшін “Бірыңғай цифрлық платформа” іске қосылады. Шарттар электронды түрде жасалады. Туындыны пайдаланғаны үшін кім, қанша ақша төледі, ұжымдық басқару ұйымдарына қанша қаржы аударылды, оның қаншасы авторға берілді…бәрі ашық көрсетіледі. Бұрынғыдай жабық қаржылық айналымға жол жоқ!
Ұжымдық басқару ұйымдарының өздеріне алып қалатын қаражаты 30%-дан 20%-ға төмендейді. Сәйкесінше шығарма авторларының алатын гонорары көбейеді”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.