Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным…”: Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовты есіне алды (ВИДЕО)

13:30, 23 желтоқсан 2025

Аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімінде «Қыз Жібек» фильміндегі Жібектің рөлін сомдаған актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова сөз сөйлеп, марқұмды еске алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ, Асанәлі ағамыз жүрегімізде мәңгі қалады. Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасыға байланысты қанша кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі көп. Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі әлі талай айтылады. Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды», — деді Меруерт Өтекешова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар