Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Токиода болған жоқпын, салыстыра алмаймын - Бағдат Мусин

10:33, 13 қыркүйек 2023 166
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен Қазақстандағы интернет пен байланыстың сапасы туралы тағы да сұралды.

"Біз министрлік ретінде бірнеше рейтингіге сүйенеміз. Бірақ рейтинг біз үшін де, қазақстандықтар үшін де маңызды емес. Біз үшін Қазақстан аумағында ұсынылатын байланыс сапасы маңызды. Мен Қазақстан азаматы ретінде сіз сияқты интернетті қолданамын. Менде жеке интернет жоқ. Сондықтан менде де қазақстандықтар секілді байланыс сапасына қатысты сұрақтар туындайды", - деді Мусин үкімет брифингінде.

ЦДИАӨМ басшысы Қазақстандағы ұялы байланыс және интернет сапасы мәселесін талқылау үшін апта сайын ұялы байланыс операторларымен кездесетінін айтты.

"Мен операторлармен кездесемін, біз бір сағат бойы қанша базалық станция орнатылғаны, қаншасын жөндеу керегі, қанша ауыстырылғаны туралы талқылаймыз. Негізінде, біз, ЦДИАӨМ ретінде, мұнымен айналыспауымыз керек. Операторлық бизнес - нарықтық, онда әрдайым жеке "ойыншылар" болады. Олар бір-бірімен бәсекелесіп, сапалы байланыс қызметін ұсынып, тұтынушы үшін күресуі керек. Бірақ қазір "Қазақтелеком" құрылымында екі ұялы байланыс операторы бар", - деді Мусин.



Министр оператордың бірін "Қазақтелекомнан" шығару туралы мәселеге бастамашы болғанын айтты.

"Байланыс инфрақұрылымы дұрыс дамып, сапа болуы үшін, бәсекеге қабілетті нарық дамуы үшін (оператордың бірін шығару керек- еск.). Қазір бұл жұмысты "Самұрық-Қазына" жүргізіп жатыр, премьер-министр нақты міндет қойды. Байланыс нарығы бұл бір сәтте нәтиже бере алатын нәрсе емес. Барлық жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. Менің ойымша, жылдың аяғына қарай қазақстандықтар, соның ішінде сіз бен біз, оператормен бірлесіп жүргізген жұмыстың нәтижесін көреміз. Бірақ байланыс сапасы - ақша үшін байланыс қызметін ұсынатын оператордың жауапкершілігі", - деп мәлімдеді Мусин.




Журналистер министрден Токио мен Астанадағы интернет сапасын салыстырғаны туралы тағы да сұрады.

"Қазақстандықтар жоғары сапалы интернетке лайық. Бірақ қазір байланыс сапасы нашар деп айта алмаймын, дегенмен бірлесіп шешетін мәселелер бар. Мен халықаралық агенттіктердің аналитикалық есептеулеріне қатысты айта алмаймын, рейтиінгіні құрмаймын. Мен Токиода болған жоқпын, салыстыра алмаймын, бірақ тағы да айтайын, егер Қазақстан мен Токионың тұрмысы орта тұрғындарын салыстыратын болсақ, онда біз менің пайымдауыма емес, қандай да бір халықаралық зерттеуге сүйенуіміз керек", - деп қорытындылады Мусин.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар