Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жігіттерді пәтерге шақырған". Астанада пәтер жалдап қыздармен кездеспек болған ер адамдарға қатысты дерек шықты

23:23, 11 наурыз 2026

Астанада интернеттегі таныстық арқылы жасалған ерекше алаяқтық схемасы анықталды. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Аlash.kz хабарлады.

Тергеу мәліметінше, бір топ қыз танысу сайттары арқылы ер адамдармен байланыс орнатқан. Кейін олар қарым-қатынасты жалдамалы пәтерде жалғастыруды ұсынып отырған.

Схеманы сенімді көрсету үшін күдіктілер Астанада пәтер жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Хабарландыруларда әдемі пәтерлердің фотосуреттері көрсетіліп, бір тәулікке «брондау» жасау ұсынылған.

Ер адамдар пәтерді брондау үшін алдын ала ақша аударған. Алайда шын мәнінде мұндай пәтерлер мүлде болмаған. Ақша түскеннен кейін қыздар хат алмасуды тоқтатып, жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап отырған.

Прокуратура мәліметінше, осы тәсілмен 45-тен астам адам алданған. Жалпы келтірілген шығын шамамен 620 мың теңгені құрайды.

Сот айыпталушылардың кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтегенін ескеріп, үш қызға 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар оларға пробациялық бақылау және міндетті қоғамдық жұмыстар белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді. Прокурорлар азаматтарға интернет арқылы жасалатын мәмілелерде ақпаратты мұқият тексеріп, бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармауға кеңес берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар