Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Титулынан айырылды»: Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ресми ақпарат тарады

10:07, 11 наурыз 2026

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг ережелерін бұзғаны үшін шеттетіліп, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан ресми түрде айырылды, деп жазады Alash.kz.

Спортшының титулынан айырылуына Халықаралық бокс федерациясының (IBF) директорлар кеңесі шешім қабылдады. Боксшы алдағы 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін өз атағын қорғап қалуы тиіс еді, алайда допинг дауына байланысты оған 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін кез келген жарысқа қатысуға тыйым салынды. Нәтижесінде, IBF чемпиондық титулды «бос» деп жариялады.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Ол боксшының командасы үшін бұл оқиғаның сабақ болатынын атап өтті:

«Мен Федерация президенті ретінде бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болды деп санаймын».

Қазіргі таңда боксшының допинг сынамасында қандай тыйым салынған заттар анықталғаны және алдағы уақытта жаза мерзімінің өзгеруі туралы толық мәліметтер әзірге жарияланбады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар