Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көңілімде көптен бері жүрген ой… Үндеу жасаймын»: Төреғали Төреәлі маңызды жаңалығын бөлісті

21:35, 11 наурыз 2026

Белгілі әнші, ақын Төреғали Төреәлі жаңа бастамасы туралы айтып, көпшілікті қуантты, деп жазады Alash.kz.

Құрметті достар!

Көңілімде көптен бері жүрген бір ой бар.

Мен еліміздің жас әрі талантты әншілерінің бірімен дуэт орындағым келеді. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат.

Егер менімен дуэт айтқыңыз келсе — сізде осындай мүмкіндік бар.

Біз бірге жаңа ән жазамыз. Ұшақ билеті, тұру және бейнебаян түсіру шығындарының барлығын мен өз мойныма аламын. Сізден тек әдемі ән айту, жүректен шығатын өнер керек.

Егер дуэтке қатысқыңыз келсе:

1. Ән айтып тұрған қысқа бейнеңізді түсіріңіз.

2. Сол бейнені Instagram парақшаңызда жариялап, мені және продюсерім, Жан Мукановты белгілеңіз.

Біз барлық бейнелерді қарап, бірге орындайтын дуэт әніне лайықты орындаушыны таңдаймыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар