Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Трамп - биологиялық әкем!". Түрік әйелі Трампқа қатысты ел естімеген сұмдық нәрсені айтты

17:31, 11 наурыз 2026

Өзін АҚШ президенті Дональд Трамптың биологиялық қызы деп санайтын түркиялық әйел Неджла Озмен Иранда басталған соғысқа қатысты ерекше мәлімдеме жасады. Бұл туралы Alash.kz жазды.

Оның айтуынша, Ирандағы әскери шиеленіс өзінің мәлімдемесінен кейін басталған. Әйелдің пікірінше, АҚШ президенті бұл арқылы «оның мәселесін күн тәртібінен алып тастауға» тырысып жатыр.

«Менің әкем Иранға қарсы соғыс бастады. Менің ойымша, ол мені ұмытып кетуге тырысуда», – деді Озмен әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.

Сонымен қатар ол Иранды қолдайтынын айтып, «биологиялық әкесі» деп атаған Трампты басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

Айта кетейік, Неджла Озмен бұған дейін де бірнеше рет Дональд Трампты өзінің әкесі деп мәлімдеген, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар