Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға белгілі өнер қайраткері дүние салды

22:41, 11 наурыз 2026

Қобызшы, қазақтың алғашқы кәсіби музыкант қыздарының бірі Раушан Нұрпейісова 97 жасында өмірден өтті. Бұл туралы журналист Дина Имамбай әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды Аlash.kz.

Раушан Түсіпбекқызы – әйгілі академик Ахмет Жұбановтың шәкірттерінің бірі болған. Ол ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында қобызшы ретінде қызмет атқарды.

Өнер жолында ол белгілі қобызшылар Дәулет Мықтыбаев және Жаппас Қаламбаевмен бірге өнер көрсеткен.

1957 жылы ол Атырау қаласында музыкалық училищенің және Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің құрылуына атсалысты. Сонымен қатар оның атымен қобызшыларға арналған арнайы байқау да өткізіліп келеді.

Соңғы жылдары Раушан Нұрпейісова Астана қаласында ұлы – белгілі музыкант, мультиинструменталист Еділ Құсайыновтың қолында тұрған.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Раушан Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылығы қазақ музыкасының тарихындағы маңызды кезеңдердің куәсі болып қала береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар