Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жансақтау бөліміне түстім. Туысқандарымның бәрі жылады»: Мақпал Жүнісова денсаулығы туралы айтты (ВИДЕО)

13:53, 11 наурыз 2026

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке концерті барысында бір ай бұрын ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөлімінде ем алғанын айтты, деп жазады Alash.kz. 

Әншінің айтуынша, ол инфаркт диагнозымен ауруханаға түскен. Өнер иесі бұл туралы көпшілік алдында ашық айтып, денсаулығының сыр бергенін жеткізді. Қазіргі таңда әншінің жағдайы тұрақталған және ол шығармашылық қызметіне қайта оралған.

«Осыдан бір ай бұрын жансақтауға түсіп қалдым. Инфаркт деген бар екен ғой. Көзім жасаурап тұр. «Кетесің» деді. Кетпей қалдық. Осы концерт болсын деген шығар Алла. Шүкір, рахмет айтамыз. Жарқырап, жайнап жүре береміз. Сөйтсек аурудың бәрі жинала береді екен ғой. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар. Туысқандарымның бәрі жылады. Жыламаңдар дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр ғой. Мен де бір сынығымын, кетсем кетермін».

Мақпал Жүнісованың денсаулығына қатысты бұл жаңалық жанкүйерлері арасында үлкен алаңдаушылық тудырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар