Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"160 мың теңгесін аударған". Журналист әрі ақын Бақытжан Қосбармақов Танакөз Толқынқызы туралы елге беймәлім құпияны ашты

15:55, 11 наурыз 2026

Танымал журналист әрі ақын Бақытжан Қосбармақов соңғы күндері қоғамда қызу талқыланып жатқан әріптесі Танакөз Толқынқызының жазбасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Аlash.kz хабарлады. 

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында Танакөз Толқынқызының көпшілік біле бермейтін бір қасиеті туралы айтып, 2022 жылы болған оқиғаны еске алған.

Оның айтуынша, сол жылы Танакөз Толқынқызы хабарласып, жақында алған Алаш сыйлығының 160 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлығын толықтай Тамшы қорына аударғысы келетінін айтқан.

Бақытжан Қосбармақовтың сөзінше, ақын бұл қаражатты Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек ретінде жіберген.

«Бұл – менің қаңтаршыларға азғантай көмегім. Маған рахмет те айтпа. Мұны әлеуметтік желіге де жазба», – деген екен Танакөз.

Журналист бастапқыда бұл әңгімені жарияламауға уәде бергенін, алайда соңғы күндері Танакөз Толқынқызына қатысты сын мен айыптаулар көбейгеннен кейін сол уәдесін бұзуға мәжбүр болғанын айтты.

«Қазақты менсінбейтін адам Қаңтарда қор болған қазаққа осылай көмектесе ме?» – деп жазды ол.

Сондай-ақ Бақытжан Қосбармақов кейбір журналистердің, соның ішінде Ерқанат Көпжасарұлының сынына да жауап беріп, Танакөзді қорғайтын пікір білдірді.

Ол жазбасын:

«Мен білетін Танакөз – осындай адам. Сендей қызы, сендей ақыны барда қазақ құрымайды», – деген сөздермен аяқтаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар