Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресейді қыспаққа алып, қысыңдар". Владимир Зеленский өзінің "қысым көріп жүргенін" айтып, Америкаға қарата үндеу жасады

00:25, 12 наурыз 2026

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-ты Ресейге қысымды күшейтуге шақырды. Бұл туралы ол Politico басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазды Аlash.kz.

Зеленскийдің сөзінше, Украина Ресейге сенбейді, бірақ АҚШтың соғысты аяқтауға шынайы мүдделі екеніне үміт артады.

«Біз Ресейге сенбейміз. Бірақ америкалықтар бұл соғысты шынымен аяқтағысы келеді деп сенемін. Олар бізге көмектеседі деп үміттенемін. Алайда қысымды маған емес, Ресейге жасау керек», – деді Зеленский.

Украина басшысы Вашингтонның қолдауы соғысты тоқтатуға және жағдайды тұрақтандыруға маңызды екенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар