Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздардың мектептен тыс уақытта оқушыға жауап бермейтіні туралы пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.
Министр 24KZ арнасының «Түйін» бағларламасына берген сұхбатында былай деді:
Осы жерін нақтыладық. Мектепте сабақ барысындағы ұстаздың жауапкершілігі, мектептен тыс уақыттағы ата-ананың немесе басқа азаматтардың жауапкершілігі дәл қазір нақтыланып тұр. Ол – уақыттың сұранысы. Ұстаз алдында өзінің біліктілігі мен білімін балаларға толыққанды сабақ барысында біліммен қатар тәрбиеге де көңіл бөлсе деген менің ұстанымым бар. Бұдан бөлек, ата-ана өзінің жауапкершілігін нақты сезінсе! Өйткені, «бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды» деген ұстаным әлде де өзінің күшінде! Отбасыдағы алған тәрбие қандай жақсы болса, қоғамға да, елге де ықпалы болады. Сондықтан, біз баланың тәрбиесіндегі ата-ананың орнын ешқашан жоғалтпауымыз қажет! Ешқашан кішірейтпеуіміз қажет. «Мына нәрсенің бәрін мектеп жасайды. Болды. Мен мектепке баламды апарып тастадым. Енді, барлық жауапкершілік мектепте деген қасаң түсінік бар. Бірақ, біртіндеп, заңнамалық өзгерістер арқылы, қоғамның көзқарасы арқылы, БАҚ көмегімен сол көзқарасты өзгертіп жатырмыз!