Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақордада ауыс-түйіс: Тоқаев бірқатар шенеунікті жаңа қызметке тағайындады

16:13, 13 сәуір 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілерді жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды,- делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар