Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы қазасына қатысты тергеудің жаңа мәліметтері белгілі болды, деп жазады Alash.kz.
Tengrinews.kz мәлімдеуінше, негізгі күдікті – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де тергеу кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындаған. Екі фигурант бойынша да қорытынды әлі дайын емес.
"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды (қорытындысы алынған жоқ)", - деп хабарлады прокуратура.
Алайда оның қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны нақтыланбады.