"Қазіргі уақытта науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр", - дейді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
Астанада үш баланың өмірін жалмаған өрт: Тірі қалған науқастың жағдайы белгілі болды
22:32, 12 сәуір 2026
ашық дереккөз
Үш баланың өмірін қиған Астанадағы алапат өрттің салдарынан ауруханаға түскен науқастың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Оқиға орнында жедел медициналық көмектің үш бригадасы жұмыс істеген. Тірі қалған әйел адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, 12 сәуір күні Түркістан көшесі 14А мекенжайында орналасқан пәтерден өрт шығып, үш бала көз жұмды. Өртті сөндіру барысында өртеніп жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар
«Күйеуінің көзін ағызып жібере жаздаған»: Түркістан облысында сұмдық оқиға орын алды
18:39, 24 шілде 2026
«Бір отбасының мүшелері»: Сүт фермасында қаза тапқандар туралы тың ақпарат шықты
15:03, 24 шілде 2026
Танысқанда мектеп оқушысы еді: Асан Пердешов өзінен 15 жас кіші қызды алғанын айтты
10:07, 24 шілде 2026