Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

09:17, 13 сәуір 2026

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады.

Жүлдегерлер:

1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл

2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл

3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл

Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Кеше тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар