Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

20:57, 12 сәуір 2026

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Топтық жаттығуларда спортшыларымыз күміс медаль жеңіп алды. Көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады. Ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бүгін, 12 сәуірде жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар