Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар