Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аттестация жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
«Аттестация жазалау емес. Аттестация ұстаздарымыздың денсаулығына кері әсер ететін емес, олардың күнделікті беріп жүрген еңбегін бағалайтын білім жүйесіне айналуы шарт. Баршаңызға осы нәрсенің астын сызып тұрып айтқым келеді. Маған білім тестілеуін тапсырған кезде күйзеліске ұшыраған мұғалімдердің хаттары мыңдап келеді. Немесе бұл тесттің ұстаздардың денсаулығына кері әсер еткенін олар көшеде көрсе де айтып жүр», – деді Жұлдыз Сүлейменова.