Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Соғысты аяқтаңдар деп айтсам болды, бәрі аяқталады". Трамп Ирандағы соғысты "бір ауыз сөз айтып қана" аяқтай саламын деп айтты

22:18, 11 наурыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазды Аlash.kz.

Трамптың айтуынша, әскери операциялар барысында Ирандағы негізгі нысандардың көпшілігіне соққы берілген.

«Иранда нысанаға алатын жерлер іс жүзінде қалмады. Соғыс жақын арада аяқталады. Қашан аяқталсын десем, сол кезде аяқталады», – деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ әскери операцияның барысына оң баға беріп, АҚШ жоспарланған мерзімнен бұрын нәтижеге жетіп жатқанын айтты.

«Соғыс өте жақсы жүріп жатыр. Біз жоспарланған уақыттан әлдеқайда алға шықтық және күткеннен де көп зиян келтірдік», – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ пен Израильтің ресми өкілдері Иранға қарсы әуе соққылары кемінде тағы екі апта жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеген.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар